Атырауға тағы да аса қажетті дәрі-дәрмектің ауқымды топтамасы жеткізілді

Аудандарға сәрсенбі мен жұма аралығында жеткізіледі.

«Атырауға тағы да аса қажетті дәрі-дәрмектің тағы да ауқымды топтамасы жеткізілді», - деп хабарлайды Атырау коммуникациялар қызметі.

Медициналық препараттардың 470 түрі бүгін Алматыдан әкелінді. Ертеңнен бастап қаладағы дәріханаларға таратылады. Ал аудандарға сәрсенбі мен жұма аралығында жеткізіледі. Фармацевтикалық компания директоры Светлана Липатованың сөзінше, жұма күні Алматыдан Атырауға тағы да дәрі-дәрмек келеді. Олар коронавирустан емдеуге арналған медициналық препараттар болмақ.

Атырау коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521