Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Осыған орай жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық перзентханада шара өтті.
Аналар – отбасының ұйытқысы десек, мереке қарсаңында өмірге сәби әкелген жас аналар марапатталды. Алғашқы сөзді бөлім басшысы Нұржарық Сауытов сөйлеп, мерекемен құттықтады.
П.ҚИЗАТОВА