Аймақтағы карантиндік стационарлар түгел жабылды

Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26 пайызға, провизорлық орын саны 32 пайызға қысқарды

​ ​ «Мұның себебі аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен байланысты» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының​ баспасөз-қызметі. ​ ​

«12 тамыздағы ахуал бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10638 науқас тіркелген. Оның ішінде 7869 адам емделіп шықты. Бұл қатерлі вирустан жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайызды құрайды деген сөз. Науқастар саны азаюы себепті карантиндік станционарлар жабылды. Алайда, эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай алмаймыз. Сол себепті жан-жақты дайындықты күшейтіп, короновирустың «екінші толқынына» дайын болуымыз керек» дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Спикердің айтуынша, Атыраудағы барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

«Десе де, алда күз, қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан, жұртшылықты денсаулыққа салғырт қарамай, қорғаныш құралдарын пайдаланып, қоғамдық ортада ара-қашықтықты сақтап, кісі көп жүретін орындарға бармауға кеңес беремін»,- дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының​ баспасөз-қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521