Аймақта СOVID-19-дан барлығы 834 адам айықты

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 1998, 1978 жылы туған мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған және скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал тағы 2 адам 1969, 1961 жылы туған Атырау қаласының тұрғындары. Олардан инфекция скринигтен өткен кезде анықталған.

Сондай-ақ 1 адам Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің 1973 жылы туған тұрғынынан анықталды. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

09.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1227 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 834.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl