Аймақта Covid-19 жұқтырғандар саны мыңға жуықтады

Оның ішінде 19 адам – Теңіз кенішінің қызметкері.

Өткен тәулік ішінде өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 жаңа жағдай анықталған, деп хабарлайды Жедел штаб.

Оның ішінде 19 адам – Теңіз кенішінің қызметкері. Инфекция жұмысшылардан міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

– Ал, тағы екі жағдай аудандарда тіркелді. Атап айтсақ, коронавирус құрманғазылық 43 жастағы әйел мен Мақат ауданының 30 жастағы тұрғынынан расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылып, оларға алгоритмге сәйкес ем жүргізілуде. Ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар да анықталып жатыр, – дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 980 адамға жетті. Ал, қауіпті дерттен айыққандар саны – 279.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521