Аймақта Covid-19-дан 773 адам айықты

Өңірде COVID-19 жұқтырған 1213 адам анықталды

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олардан скринингтен өту кезінде инфекция анықталды.

Ал тағы 7 жағдай Жылыой ауданында тіркелді. Олардың ішінде екеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал бесеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Сондай-ақ бір адам 1993 жылы туған Атырау қаласынын тұрғыны, инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал тағы біреуі 1963 жылы туған Құрманғазы ауданының тұрғыны. Ол ЖРВИ симптомы бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

07.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1213 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 773.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521