АИТВ қауіпті, ЖИТС одан да қатерлі

 АИТВ - адамның  иммун   тапшылық   синдромы. Вирус   ағзаның   иммундық   жүйесін   бұзады. Оның жұқпасы  вирус   жұқтарудың   салдарынан   болады. Ал ЖИТС - жұқтырылған   иммун    тапшылық   синдромы деп аталады. Ол  АИТВ - ның әбден асқынған  соңғы   сатысы.

АИТВ   мен   ЖИТС   несімен қауіпті?

    Ағзаға   АИТВ   түскеннен  кейін ол   өмір   бойы   сонда   қалады. Адам   көптеген  жылдар   бойы  өзін   саумын   деп   ойлайды. Бірақ  вирус  бірте- бірте ағзаның иммундық   жүйесін   бұзып, ауруларға   қарсы   тұру   мүмкіндігін    жояды. Науқас   жұқпа   туралы   білмей   басқа   адамдарға   жұқтырады.

АИТВ   жұқтырған адам    өмір   бойы   оны   тасымалдаушы   болып   қалады. Бірнеше   жыл   өткеннен кейін ЖИТС   пайда   болады.

АИТВ   қалай   жұғады ?

    Вирус   қан, қынап сұйықтығы, ұрық, ана   сүті секілді ағза   сұйықтығында көп   мөлшерде  болады.  

 АИТВ   бірлесіп     инъекциялық    есірткі   тұтынғанда   залалсыздандырылмаған   ине   және   шприц   арқылы тікелей    қанға өтеді. Сонымен бірге АИТВ-ға   тексерілмеген     қанды   құйғанда, ауру жұқтырған   серіктеспен   мүшеқап  қолданбай   жыныстық   қатынасжасағанда,   жүктілік   кезінде   анадан балаға,ал босанғанда   ана   сүтімен, бұдан басқа, залалсыздандырылмаған     медициналық   құралдар   мен   татуаж   және   пирсинг арқылы жұғады. 

АИТВ   қол   алысқанда, құшақтасқанда, сүйгенде, көз   жасы, тер   арқылы, жөтелгенде   және   түшкіргенде, бірге   тамақ   ішкенде, ортақ   ыдыстарды, сүлгілерді, төсек   құралдарын  қолданғанда, монша, дәретхана, бассейн, жуынатын   бөлмелерге   барғанда, жәндіктер   мен   жануарлар   шаққандажұқпайды.

   АИТВ  жұқпасынан   адамдар   өздерін   қорғау   үшін   ол   туралы   көбірек   ақпараталып,     алдын   алудың тиімді   тәсілдерін   білуі   қажет.

Адамда   АИТВ   барын   қалай   білуге   болады?

    Оны   білудің   жалғыз   амалы -   АИТВ   талдауға  (тесттен   өту)  қан   тапсыру.Адамның   иммун   тапшылығы   вирус   жұқтырған   сәтте  бірден   анықталмайды.Сондықтан да жұқтырғаннан   кейінгі  алғашқы  екі   айда   тест   теріс    нәтиже   береді.  Ағзада   антиденелер    анықталмаса да,   адам   АИТВ жұқпасын   басқаларға   жұқтырады. Бұл -  «терезе   кезең»   деп   аталады.     АИТВ-ның   нақты   нәтижесін   3  ай   мерзімнен   кейін   білуге   болады.

ЕСТЕ    САҚТАҢЫЗ !

Адам АИТВ    бар   екеніне   күдіктенбей   және   басқаларға   білмей   жұқтыруы   мүмкін.

    Ендеше, бұл мәселе бойынша қайда   хабарласуға   болады? Бұл ретте Атырау   қаласының   Владимирский   көшесі - 22 «б» ғимаратқа немесе 21-11-03 сенім   телефонына хабарласқаныңыз абзал.

Зоя Тасболатова,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT