А. ЦОЙ: ВАКЦИНАЦИЯ ӨЗІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТТІ

ken-zhyloi.kz

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның қолжетімділігі 300 мың азамат үшін қамтамасыз етілген, бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап КВИ-ге қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина алдымен КВИ-мен күресіп жүрген мамандарға салынды. Бұл тактика әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. 2 ай өткен соң, КВИ-ге қарсы вакцинация өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, сондай-ақ халық арасында сенімді арттырды», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сәуір айында ресейлік вакцинаның қосымша 2 млн. астам дозасынан жеткізіледі. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандықты вакцинациялау жоспарланған. Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және барлық ниет білдірушіге вакцинацияның қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Министр сондай-ақ, Қазақстанда ауқымды вакцинация жүргізу тәжірибесі бар екенін атап өтті. Бұған дейін елде бір айда 2 миллионнан астам азамат тұмауға қарсы вакцинацияланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521