Ақ халатты абзал жандар қандай құрметке де лайық

Бүгін анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің кәсіби күні

Жылыойлық анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері COVID-19 індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрді. Өлім мен өмір белдескен шақта көп ойлануға уақыт болмайды. Тез арада шешім қабылдау – ақ халатты жандардың күн сайынғы жұмысында үйреншікті жағдай десек, қазіргідей қауіпті індет әлемді қаусырып тұрғанда жауапкершілік жүгі бұрынғыдан да ауыр.

Сын сағатта сыр бермей, ажалға араша болу үшін анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер де қорғаныс костюмдерін, көзілдіріктері мен қолғаптарын кие салып, шешуші сәтте кәсібиліктерін көрсете білді. Өлі мен тірінің арасында бір дем әрі, бір дем бері жатқан науқасты қайта өмірге әкелетін реанимотолог дәрігерлердің еңбегі орасан.

Бұл жалғаннан күдер үзген миллиондарға үміт отын сыйлап, уақытпен санаспай, Гиппократтың антына әрдайым адалдық танытып келе жатқан адам жанының арашасысы ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Қадірменді анестезиолог – реанимотолог дәрігерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке, өздеріңізге зор денсаулық, кәсіби белестер, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Жылыой аудандық орталық

ауруханасының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521