banner_damu

6 жылыойлықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 80 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 48 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 6 науқас, Исатай ауданында - 1, Қызылқоға ауданында - 3, Құрманғазы ауданында- 4 науқас, Махамбет ауданында - 3 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 32 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 664 адам емделді. Қазір 5 121 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 174, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 67, кардиоорталықта - 34, т/ж ауруханасында - 21 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 71, аудандық инфекциялық стационарларда - 191.Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 234 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Атырау облысы Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика