6 жылыойлықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды

Атырауда бір тәулікте 70 адамнан коронавирус анықталды

Вирус расталғандардың ішіндегі 52 адам Атырау қаласының тұрғындары. 11 науқас Теңіз кенішінен анықталып отыр.

Соңғы тәулікте вирус Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 1 тұрғынынан расталды. Ауру 37 науқаста симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте коронавирустан 90 адам сауығып шықты. Қазіргі таңда үй жағдайында 678, модульді ауруханада 135, екінші облыстық ауруханада 128, фтизиопульмонологиялық орталықта 52, аудандардағы инфекциялық стационарларда 142, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 102 адам коронавирус және вирусты пневмониядан емделуде.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша Атырау әзірге «сары аймақта».

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT