6 жылыойлықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды

АТЫРАУДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 84 АДАМНАН КОРНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

524 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 68 адам Covid-19 жұқтырса, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 6 тұрғын, Исатай ауданында 1 жағдай, Мақатта 1 адам және Құрманғазы ауданында 3 адамнан коронавирус расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 40 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 524 адам үй жағдайында, 176 модульдік ауруханада, 130 №2 облыстық ауруханада, 48 фтизиопульмонологиялық орталықта, 122 аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 48 науқас емделуде.

Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT