5 АТЫРАУЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ АУЫР

ken-zhyloi.kz

“Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған”, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам бар. Оның ішінде 12 адам ауыр халде, 4 адам өте ауыр халде.

Олардың сегізі 65 жасқа дейін, тағы 8 науқас 65 жастан асқан. 16 адамның бесеуі ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Барлық ауыр науқастар Денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауында. Сондай-ақ күн сайын Нұр-Cұлтан қаласының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы республикалық ахуалдық орталық мамандарының, сондай-ақ республикалық орталықтардың бейінді мамандарының консультациялары өткізіледі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесіне дейін реанимацияда 11 адам болған.

Атырау облысы Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521