4 жылыойлық Covid-19 індетінен жазылып шықты

Атырауда коронавирус індетінен 24 адам жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар саны 985 адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 24 адам жазылып шыққан.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, 4 Жылыой ауданының, Құрманғазы ауданының тұрғыны.

Сонымен қатар, Қызылқоға ауданынан 1, Атырау қаласынан 1 тұрғын қауіпті індеттен емделіп шыққан.

- Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, - дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 985 адамға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521