3 Теңіз кеніші қызметкерінен коронавирус анықталды

COVID-19 жұқтырған 3 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1968, 1991 жылы туған ер адамдар және 1994 жылы туған әйел адам. Олардың екеуі ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, біреуі скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал тағы 9 адам Атырау қаласының тұрғындары. Олардың сегізінен COVID-19 скринингтен өткен кезде анықталған, біреуі ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Сондай-ақ 1 адам Қызылқоға ауданының 1969 жылы туған тұрғынынан тіркелді. Ол инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Тағы 1 жағдай Индер ауданынан тіркелді. Ол 1964 жылы туған ер адам, одан COVID-19 скринингтен өту кезінде анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

11.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1246 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 892.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика