3 атыраулықтан коронавирус анықталды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 5 адам тіркелді

COVID-19 жұқтырған 3 адам Атырау қаласының тұрғындары. Олардың екеуі 1992, 1999 жылы туған әйел адам, ал біреуі 1995 жылы туған ер адам. Барлығы ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы 2 жағдай Қызылқоға ауданынан тіркелді. Олар 1968 , 1971 жылы туған ер адамдар. Олардың біреуінен скринингтен өту кезінде анықталса, екінші науқас инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

10.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1232 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 876.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521