2 құлсарылық тұрғыннан коронавирус анықталды

Атырау облысында Covid-19 індетінің 24 жаңа жағдайы тіркелді

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 816 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб. Атап айтқанда, олардың арасындағы 20 науқас Теңіз кенішінің жұмысшылары. Олар Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен қызметкерлер.

- Инфекцияның тағы төрт жағдайының жаңа ошықтары анықталды. Коронавирус инфекциясы 1988 жылғы Мақат ауданының тұрғыны,  Жылыой ауданының екі тұрғыны - 1993 жылғы әйел мен 1976 жылы туған ер адамда расталды. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданының 1999 жылғы тұрғыны да дертке шалдықты,- деді Жедел штаб.

- Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаға сәйкес ем алады. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дертке шалдыққандар саны 813 адамға жетті. Ал, коронавирустан айыққандар саны - 203. Атырау облысының жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521