АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 157 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 13 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 15, Индерде 10, Исатай ауданында - 8 Махамбет ауданында - 2, Құрманғазы ауданында - 9, Мақатта - 4 адам анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 87 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделіп шықты. Қазір 730 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 193, №2 облыстық ауруханада -143, фтизиопульманологиялық орталықта - 67, аудандық инфекциялық стационарларда – 144 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 44 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.