135 млрд теңгеден астам Covid-19-бен күреске бағытталды

Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және / немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді.

Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ Covid-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін Атырау облысының медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 653 млрд теңге бөлінді. 2020 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ӘМСҚ – 4 593 млрд теңге төленді. Шығындардың басым бөлігін, яғни 2 285 млрд теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған Атырау облысының медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме құрады.

«Денсаулық сақтау министрлігі орталық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде Қор коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің уақтылы төлемін жүргізеді. Бұл ретте, осы аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі», - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Сәбит Құралбек.

Наурыздан қыркүйекке дейін облысымыздағы провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 0,790 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, оларда карантиндік оқшаулау және қажет болған жағдайда 7 768 мыңнан астам адам емделді. Осы кезеңде өңірдің инфекциялық стационарларда 2 002 мың пациент емделді. Covid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды амбулаториялық және стационарлық жағдайда емдеуге барлығы 1 198 млрд теңге жұмсалды. Атырау облысы бойынша үйдегі стационардың медициналық қызметтеріне ақы төлеу үшін 0, 531 млн теңге жұмсалды.

covid-19

Үйде емдеуді өкпе 30% - дан аспаған кезде ауру ағымының жеңіл түрі бар пациенттер алады. Күн сайын учаскелік дәрігерлер олардың жағдайын бағалау үшін қоңырау шалады, кем дегенде үш күнде бір рет бейне кеңес беріледі, қажетті рәсімдер де көрсетіледі. Егер жағдай нашарласа, мысалы, үш-бес күн ішінде температура төмендемесе, тыныс алу және тахикардия жоғарылайды, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл қызметтер осы жылдың шілде айынан бастап халыққа қолжетімді болды. Сол кезеңнен бастап мобильді бригадалар жұмысын бастады. Олардың қызметтерін төлеу үшін шілдеден қыркүйекке дейін Қор филиалы 0,2 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады.

Емхананың әрбір шақыруы үшін 5400 теңгеден алады, осылайша үш айда 393 мыңнан астам шығу орындалды. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және / немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар пациентті алғашқы қарап-тексеруді жүргізеді, оның жай-күйінің ауырлық дәрежесін бағалайды, Сovid-19 симптомдары болған кезде ПТР-тестке материал алады, пульсоксиметрия жүргізеді, көрсетілімдері кезінде рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама бере алады, дәрілік заттарды тағайындай алады.

ПТР диагностикасын жүргізуге Атырау облысы бойынша 0,632 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеу үшін Қор филиалымен 0,317 млрд теңге төледі. ПТР-тестілеуден облыс стационарларында 20 169 атыраулық, амбулаториялық жағдайда – 3 968 адам өтті. Медициналық сақтандыру Қоры Қор төлейтін қызметтердің сапасын жоғарылату үшін пациенттер шағымдармен және ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгініп, сондай-ақ оларды Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында қалдыра алады.

НАО «Фонд социального медицинского страхования»

филиал по Атырауской области

Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Единый колл центр – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT