Құрманғазы аудандық аграрлы техникалық колледжінде «Заң мен Тәртіп» есірткі құқық бұзышылығының профилактикалық кеңесі , «Зиянды әдеттердің құқықтық салдары» тақырыбы аясында колледж студенттерімен кездесу шарасы өтті.
Кездесуді Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Иргазиева Дархан Мұратқызы өткізді.
Шараға арнайы қатысқан қонақтар:
– Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Батуов Нұртілек Нұрбекұлы
– Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция лейтенанты Елтайев Рахтан Жеткеншекович
– Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері Бақтығұл Ақниет Саламатұлы
– Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Ахдуйсеев Ризабек Темирбекович
Шараның басты мақсаты – студенттерге темекі, алкоголь және есірткі өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін зиянын, сондай-ақ олардың құқықтық салдарын түсіндіру.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.




