Жылыойлық оқушылар «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызымен саяхаттап кетті

Жылыой ауданында 76 оқушы «Самұрық-Қазына» АҚ Қайырымдылық жобасы аясында «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызымен саяхаттайтын болады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған жоба аясында 12 күн бойы балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр қалаларындағы танымал мәдени-тарихи орындарды аралайды. Экскурсиядан басқа жол бойы оқушылармен бірге тәлімгерлер мен педагогтар жұмыс істейді, қызығушылық үйірмелері, зияткерлік және спорттық ойындар мен басқа да ойын-сауықтар қарастырылған.

Бұдан бөлек, ауылдық округтерде тұратын 125 оқушы Алматы, Түркістан қалаларындағы лагерьлерде жазғы демалыстарын өткізеді.
Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдаурен» республикалық лагерьлеріне 200-ге жуық оқушы жөнелтілді. Оқушыларды жазғы лагерьге жіберу жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521