.
№16 Д. Жазықбаев атындағы мектептің 6-сынып оқушысы Ислам Бисеналиев халықаралық деңгейде Қазақстанның атын асқақтатып, екі бірдей беделді математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.
2024 жылғы 29-30 маусым күндері Болгарияның Несебр қаласында өткен “Шекарасыз математика” атты халықаралық олимпиадада Ислам жүлделі III орын иеленіп, өзінің білім деңгейін дәлелдеді.
Одан кейін, 9-10 шілде күндері АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы әйгілі Райс университетінде өткен Olympiad USA халықаралық математика олимпиадасында Ислам Бисеналиев I орын жеңіп алып, алтын медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жас дарын иесі мен оның ұстаздарын, ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.