Жылыойлық оқушылар «Елбасы медалімен» марапатталды

ken-zhyloi.kz 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының жалпыұлттық "Ел үміті" бастамасы аясында "Елбасы медалі" жобасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

"Елбасы медалі" бағдарламасы өскелең ұрпақтың жаһандық даму жолындағы басты мүмкіндігі болып отыр. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Білім бәйгесінде дарындылық пен жеке тұлғалық талантын көрсете білген жеңімпаздарға аудан әкімі Жамалов Халел Жамалұлы құттықтау сөзін арнап, "Елбасы медалімен" марапаттады. Марапатталғаны-28 оқушы, оның ішінде Құлсары Жылыой Дарын лицейінен - 25 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден - 3 оқушы.

Жеңімпаз оқушылардың ішінен Ғариф Жанұзақ пен Азамат Нұрбану өз ойларымен бөлісе отырып, жастарды бағдарламаға қатысуға шақырды. Жиын соңы №1 Т.Құлтумиев атындағы саз мектебінің шәкірті Ізден Нұрасылдың орындауында Ғарифолла Құрманғалиевтің "Әнші даусы" әніне ұласты.

Барлық "Елбасы медалін" иеленген жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521