Жылыойлық оқушыларға 400 планшет үлестірілуде

“Жылыой адалдық алаңы” жобалық кеңсесі қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді

24 қыркүйек күні “Жылыой адалдық алаңы” жобалық кеңсесі республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер, ноутбуктердің бөлінуіне, мектептерге жеткізілуіне қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Жаңа оқу жылында облыс мектептерін жаңа компьютерлік техникалармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 2 млрд. 866 мың, облыстық бюджеттен 555 млн. бөлінді. Соның нәтижесінде Атырау қаласына 15697 ноутбук, 1926 компьютер, 2499 планшет жеткізілуде.

22 қыркүйекте Жылыой ауданына - 400, Индер ауданына - 240, Құрманғазы ауданына - 400, Қызылқоға ауданына - 240 планшет жіберілді. Тағы да 1926 компьютер, 15697 ноутбук қыркүйек айының аяғына дейін оқушыларға таратылатын болады.

“Жылыой-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Абдигалиева Мадина Сабыржанқызының қатысуымен аудандық білім бөлімінде Жылыой ауданына берілген 400 планшет мектептерге бөлінді.

«Бұл планшеттердің бір артықшылығы екі SIM-карта, сонымен бірге флешка салынады. Балалардың сабаққа қолдануына өте ыңғайлы. Осы планшеттер осал топтағы отбасы балаларына таратылады. Әсіресе соның ішіндегі озат оқушыларға беруді біз ұсыныс ретінде беріп отырмыз. Планшеттер мектеп балансына берілгендіктен, қайтарымды акт арқылы таратылуда»,- деді аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Г.Танатарова.

"Жылыой-ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521