Жылыойдағы робот жасайтын балалар

Жылыой ауданында он қолынан өнер тамған балалар жетерлік.

«Жылыой аудандық жас техниктер станциясы» деп аталатын оқу мекемесі сондай дарындыларды жан-жақты тәрбиелеуде. Тіпті арасында робот жасап, техника құрастыра алатын балалар да бар. «Ұлы өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың облыстық байқауына осы «Жылыой аудандық жас техниктер станциясының» кеме, көлік, робототехника үйірмелерінің білім алушылары қатысып, жұмыстарын қорғады. Онда олар көп функцияналды жаңа модельдерді іске қосу арқылы құрастыру жұмысын жасайды. Сөйтіп, әділқазылардың таңдайын қақтырған жылыойлықтар Асхат Темірбай «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру», Нұрсұлтан Нұраханов «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру», Ернұр Нұрбол «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациялары бойынша І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Балалардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасаған жетекшілері Иван Орынбеков пен Қуаныш Шалабаев алғыс хатпен марапатталды.

Бұл мекеменің өнерлі оқушылары мұнымен шектеліп қалған жоқ. Атырау облысы білім беру басқармасы мен облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Шеберлер қаласы: ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесіне қатысып, қолөнер үйірмесінің бір топ білім алушылары әр түрлі номинация бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Махаббат Боранбаева «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясы бойынша І-орынды иеленіп, Алматы қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Лаура Қуанышева «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясы бойынша ІІ орынды, Жанна Гилманова «Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясы бойынша ІІ-орынды, Жұлдыз Аюпова «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды. Көрме жеңімпаздарын дайындаған мұғалім Қалау Шелтенова алғыс хатпен марапатталды.

П.Қизатова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521