Жылыойда ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті

Жылыой ауданында ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мерекелік шараға білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ардагер ұстаздар мен қазіргі таңда білім беру мекемелерінде қызмет етіп жүрген мұғалімдер қатысып, құрметке ие болды.

Шара барысында Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы ролін ерекше атап өтті. Ол мұғалімдердің жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне алғысын білдіріп, бірқатар ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Әкімнің сөзінде ұстаздардың қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі ауданның білім беру сапасына зор ықпал етіп отырғаны атап өтілді.

Салтанатты кеш ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың еңбегін лайықты бағалауға арналған шара болды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Жылыой ауданы бойынша мектептерде 1850-ге жуық мұғалім қызмет етеді. Сонымен қатар, балабақшаларда 555 тәрбиеші жұмыс істесе, қосымша білім беру ұйымдарында 142 маман қызмет атқаруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT