Жылыойда педагогтар мен ата-аналарға арналған семинар өтті

https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fvip76.mn%2Fcontent%2F84199&psig=AOvVaw29RJy1UjDhtzLvf9z4vXw_&ust=1670391874560000&source=images&cd=vfe&ved=0CAMQjB1qFwoTCNiw7uKk5PsCFQAAAAAdAAAAABAN

Кеше, Жылыой аудандық білім бөлімінің қолдауымен № 18 орта мектепте «Bilim Foundation» қоғамдық қордың ұйымдастыруымен  ата-аналар мен педагогтар арасында семинар өткізілді.

Білім беру ұйымдарындағы педагогтардың психологиялық білімін арттыру  және ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында  семинар ұйымдастырылды. Ата-аналар мен педагогтардың басын қосқан жиын жасөспірімдердің менталды денсаулығын нығайту тақырыбына арналды.

Шараға Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас суицидологі А.М.Шарипова, Жылыой аудандық орталық аурухасының мамандары қатысты.

Семинар барысында «Bilim Foundation» қоғамдық қордың мамандары жасөспірімдердің қауіпсіздігі, оларға жайлы ортаны қамтамасыз ету, негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыру және жасөспірімдердің менталды денсаулығын нығайту туралы ақпараттар ұсынылып және қысқа метражды фильм көрсетілді.

Семинарға 200-ден аса Жылыой аудандық білім бөлімдерінің педагогтар қатысып, өз ризашылықтарын білдірді және мамандардан кеңес алды.

 А.Жұмаберген

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521