Жылыойда мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

Пара алды

Жылыой ауданында мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 тамыз күні Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жылыой ауданының мектеп директорын ұстады. Директор баланы мектепке дейінгі сыныпқа қабылдау үшін делдал арқылы білім бөлімінің бас маманынан 20 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Барлық аталған адамдар кінәсін толық мойындады.

Қазіргі таңда, іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Олардың іс-әрекетіне түпкілікті бағаны сот береді.

Дереккөз: @inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521