Жылыойда ҰБТ-ның алғашқы легі басталды

Барлық 20 мектеп бойынша қатысуға 657 оқушы онлайн өтініш беріп тіркелді.

Жылыой ауданы бойынша 11 сынып оқушылары үшін ақылы ұлттық бірыңғай тестілеу N18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында орналасқан ҰБТӨО-да болады. Барлық 20 мектеп бойынша қатысуға онлайн өтініш беріп тіркелгені - 657, қазақ сыныбы бойынша - 491, орыс сыныбы бойынша - 166.

Бүгін 25 қаңтар күні 11 сынып оқушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші легі басталды. Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге алты мектептен 113 оқушы қатысады, оның ішінде 83-і қазақ тілінде, 30-ы орыс тілінде тапсырады.

Барлық оқушыға аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге болмайтындығы туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылатыны және тест нәтижелерінің жойылатындығы ескертілді.

Барлық аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, ата-аналар үшін бейнетрансляция қолжетімді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жарамды.

ҰБТ қатысушыларына 120 сұрақ беріледі. Қазақстан тарихы - 15 сұрақ, оқу сауаттылығы - 20 сұрақ, математикалық сауаттылық - 15 сұрақ, бейінді пәндер бойынша - 35 сұрақ. Тапсырманы орындау уақыты - 4 сағат.

Талапкерлер бір жылда тестілеуді 4 рет тапсыра алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу ауданымызда 25-30 қаңтар аралығында өтеді.

Ж.Жеткізгенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521