Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімі басшысы Айбарша Қақпанбаева айтты.
«Жаңа оқу жылына дайындық барысында «Әсем», «Еркем-ай», «Айналайын», «Қызғалдақ» балабақшаларына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Алдағы уақытта аудан бойынша 5 балабақша құрылысы жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта аудандағы 24 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 21-і мемлекеттік, 3-і жекеменшік» деді спикер Айбарша Қақпанбаева.
Еске сала кетелік, Жылыойда 4486 балабақшамен қамтылған. Сонымен қатар, мектептер жанынан 21 шағын орталық тобы жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда 1517 бала балабақша кезегінде тұр.
фото: pixabay.com