Жылыой ауданында мектептер уақытша қашықтан оқытуға көшеді

Жылыой ауданында қолайсыз ауа райына байланысты 15 қаңтарда 20 мектептің оқушылары онлайн форматта білім алады.

Жылыой аудандық Білім бөлімі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылданғанын хабарлады. 

Қашықтан оқыту белгіленген кесте бойынша жүргізіледі.

Ата-аналар мен оқушылардан ресми ақпарат көздеріндегі хабарламаларды қадағалап отыру сұралады.

Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT