Жылыой ауданында биыл 724 түлек ҰБТ тапсырады

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, ата-аналарға ҰБТ және тестілеу өтетін аумақта күтуге тыйым салынады. 

2019-2020 оқу жылында ҰБТ-ны Жылыой ауданы бойынша 724 түлек тапсырады. 1 өткізу орны белгіленген:

- №18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беру мектебі. Әрбір тестіленуші дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді:

- сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту;

- санитарлық қызметкерлердің аяқ киім мен қолды дезинфекциялау процедурасы;

- термобақылау процедурасы. Жоғары температура анықталған жағдайда тестіленушіге кезекші бригада мен медицина қызметкерлеріне жедел кеңес беріледі;

- тексерушілер мен тестіленушілер арасындағы қашықтықты сақтай отырып сәйкестендіру рәсімі; - респираторлық немесе әдеттегі медициналық бетперде беру.

Тестілеу пунктерінің әрбір қабатының дәліздерінде санитайзерлер орнатылады, ал жанасуды болдырмау үшін дәліздегі және аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық жағдайда болады.

Тест тапсырушылардың орнына отырғызу алдында аудиторияларды міндетті түрде желдетіп, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, сондай-ақ карантиндік шараларды сақтау мақсатында ата-аналарға ҰБТ- және тестілеу өтетін аумақта күтуге тыйым салынады.

Жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен кент және ауылдық округтерде тұратын түлектерді ҰБТ-ға және тестілеуге тасымалдауды қамтамасыз етеді, ал тестілеу пункттерінің аумақтарында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қауіпсіздік шаралары алынатын болады. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Жылыой аудандық жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521