Жылыой ауданында «Монтесорри» арнайы білім орталығы ашылды

"Монтесорри" орталығының ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров өз кезегінде: "ТеңізШевройл" ЖШС-нің осы орталықтың ашылуына демеуші болған үшін "ТеңізШевройл" ЖШС-не ризашылығын білдірді.

Ата-аналар да мамандар мен балаларға қиындықтармен күресіп, жаңа белестерді бағындыруда барлық қолдау көрсетеді деп сенемін. Әр бала біздің баға жетпес байлығымыз, жарқын болашағымыз!-деді.

Шараға қатысқан "ТеңізШевройл" ЖШС-нің өкілі Н.Өмірбаев: Қиыншылықтармен бірігіп күресу, бір-бірімізге көмек қолын созып, қолдау көрсету халықтар достығын нығайтатын күш. Жаңа орталықтың ашылып, ондағы білікті педагогтар мен психологтардың балаларға тегін көмек көрсететіні Ораза айтпен тұспа-тұс келгені қуантарлық жағдай. Осы қайырымдылық шараның игілігін көріңіз. Жылыой ауданының тумасы ретінде, және «Теңізшевройл» ЖШС өкілі ретінде, жобаның авторы – Ләйла Сұлтанғалиеваға Құлсары қаласында дамуы кенжелеп қалған балаларға көмек көрсету орталығын ашу идеясы үшін алғыс айтамын! - деді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT