Жолдау - білім мен тәрбиенің шамшырағы

Ұстаздар қауымы үшін Президент Жолдауы – тек саяси құжат емес, болашақ ұрпаққа арналған жол картасы. Себебі білім – мемлекеттің дамуының өзегі.

Жолдауда айтылған жасанды интеллект, цифрлық сауаттылық, ғылым мен инновацияны дамыту бағыттары – ертеңгі күні мектеп партасынан басталады.

Мұғалім үшін Жолдау – шәкіртке берілетін бағдар. Әрбір ұстаз бұл құжаттан өз саласына қатысты нақты міндет қана емес, үлкен жауапкершілікті көреді. Өйткені жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімді, елжанды, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу керек.

Жолдау – ұстазға сенім, ал сенім – үлкен күш. Сол сенім арқылы мұғалімдер елдің болашағына үлес қосады. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ғалым, кәсіпкер, инженер, қоғам қайраткері. Оларды дайындау – ұстаздың ең үлкен миссиясы.
 Жазира Ихсанова,

 Жылыой ауданы бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері 
                                             

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT