Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Балалар мен жасөспірімдердің жақсы демалуларына, қабілеттерін дамытуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдарын арттыру мақсатында 1 маусымнан бастап оқушылар үшін жазғы сауықтыру маусымы ашылды.
Маусым мен тамыз айы аралығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,сондай-ақ, көпбалалы, толық емес, аз қамтылған, мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларындағы балаларды тегін жолдамамен қамту мақсатында мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерге демалуға жіберу жұмыстарын ұйымдастырылды. Осы мақсатта аудандық білім бөлімі тарапынан комиссия құрылды. Қала сыртындағы лагерде демалуға, басқа облыстардың мәдени-көрікті жерлеріне саяхаттар ұйымдастыру мақсатында 300 балаға жолдама берілді. Железноводск қаласында төрт кезеңмен 121 бала, «Балдәурен-Көкшетау» оқу-сауықтыру орталығында 16 бала, «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығында 10 бала демалып келді.
Ауданның барлық мектептерінде тамақтандыратын лагерьлерге 647 бала, шатырлық лагерге 300 бала, дебаттық лагерге 200 бала, бейіндік лагерге 3945 бала,тілдік лагерге 1080 бала, ІТ лагеріне 100 бала, қосымша білім беру ұйымдарында 400 бала, тамақтандырусыз лагерьлерде – барлығы 6025 баланың демалыстары ұйымдастырылды.
Аудан мектептерінің аумағын көгалдандырып, тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында және құрылыс-жөндеу жұмыстарына 8-10-сынып оқушыларынан барлығы 3500 бала жіберілді.
Құқық бұзушылық бойынша ішкі істер бөлімінде есепте тұрған балалар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерде демалды.
Аталған барлық демалыс орындарында педагогтар мен және медициналық қызметкерлер жұмыс жасауда.
Ж.ШАҢҚАНОВА