Жеңісті жетістікке толы жыл

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында келер 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағанын жақсы білеміз. Бұл мен еңбек ететін колледж ұстаздарының жұмысына тың серпіліс берді. Өйткені біздің оқу ордамыз – 60 жылдық тарихы бар аудандағы ең іргелі кәсіптік білім беретін жалғыз ошақ.

Колледжіміз «Қазақ мұнайының атасы» атанған Сафи Өтебаевтың есімін иеленгелі көптеген жеңісті жетістіктерге жол ашылды. Ұлағатты ұстаздарымыз облыстық, республикалық білім сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп, шәкірттері де білімнің биік шыңына шығып жүр. Бұған жаңа колледж ғимаратының салынып, материалдық-техникалық базасының да жылдан жылға жақсара түскені себеп болуда. Оқу ордамыздың парасатты педагог мамандары биылғы төл мерекесін де жақсы жетістіктермен қарсы алды. Сондықтан әріптес ұстаздарды мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтап, кәсіптік білім көкжиегін кеңейту жолындағы сіңірген еңбегіне жеміс, толағай табыс тілеймін.

Берік Биғалиев,

С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің

алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT