«ЖАЗҒЫ САБАҚТАР»

«Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жылыойлық жеткіншектер жазғы демалыста да білім алуын жалғастыратын болады. «KazRobotics» федерациясының Атырау филиалы, Жылыой жас техниктер станциясымен серіктестікте «JasUP» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның жоспарына сәйкес, робототех- никадан «жазғы сабақтар» курсы ұйымдастырылды.

5-і мен 28 маусым аралығында өткен бұл жобаның жетекшісі Қуаныш Шалабаев болды. Жалпы сабақтың дені жас техниктер базасында өтті. Оған екі ауысыммен 60-тан астам оқушы қатысты. Олар ауданның Тұрғызба, Жаңа Қаратон, Қосшағыл ауылдарынан да қалаға арнайы келіп атсалысты. Курс үш бағытта жүргізілді: лего бөлшектермен инженерлік жобалар жасау, схематика, электроника,ЗD модельдеу. Бізбен тілдескен жоба жетекшісі Қуаныш Шалабаев:

-Балалар белсене қатысуда. Білімге құштар ел ертеңін көп байқадық. Көбіне 8-10 жас аралығындағы оқушылар келіп, жалпы сабақ технологиялық бағытта жүргізілуде. Оның ішінде робототехника, электроника, 3D модельдеу бар. Бұл жоба балаларға жаңа серпіліс береді деген ойдамыз,- деді өз сөзінде.

Жаңа жоба арқылы жастардың білімі артып, жеңісті жетістіктерге жетіп, толағай табысқа қол жеткізер деген сенім мол.

Е.АЛТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521