Жастар кітапханаға бет бұрды

Болашағы зор ғаламтордың пайда болғанынан бері халық кітап оқудан қалды деген күмән бар ел арасында. Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап - алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы.

Жем ауылдық округі әкімі жанындағы Аналар кеңесі мен ауылдық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен  «Бүгінгі оқырман  - ертеңгі көшбасшы» атты пікір алысу кеші өтті. Кешті Аналар кеңесінің төрайымы Б.Төлебаева жүргізді.  Шараға ауылдағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы І.Сүйесінов, ардагер ұстаз А.Тасқарина, С.Жәнекешов, С.Шарғабаевалар қатысып, адамзаттың рухани құндылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Қазіргі жастар арасында кітап оқитындардың аздығы айтылды. Дегенмен ауылда кітапты сырласы, мұңдасы, жолдасы қылып, жанына нәр алатын Ю.Кереев, М.Тауманов, Ж.Бекболатова, А.Милатова сынды жастар да бар. Ауыл тұрғындары олардың кітапхананың тұрақты оқырманы екенін жақсы біледі. Кеш барысында викториналық сұрақтар қойылып, белсенділер алғысхатпен марапатталды.

А.Қабесова,

Жем ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521