Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы- уақыт талабы.
Бұл қадам еліміздің экономикалық, әлеуметтік және білім беру жүйелерін түбегейлі жаңғыртуға оң әсерін тигізеді деген ойдамын. Сонымен қатар, цифрлық дамуды жеделдетіп, әлеммен бәсекелесуге көмектеседі.
Әрине, алғашқы қадамды білім беру саласынан бастау тиімді. Себебі жас ұрпақ – жасанды интеллект дамуының негізгі күші.
Дана Қарашолақова, “JasUp” жобасының жасанды интеллект курсының тренері