Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында цифрландырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ақпараттық құралдарды енгізу арқылы IT секторында жасанды интеллект технологиялары саласында жетекші ел болу міндетін алға қойған еді. Жасанды интеллект білім беру саласында күн сайын маңызды рөл атқарып, білім мен оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгерте алатын перспективаларды ұсынып келеді.
Жасанды интеллект әрбір білім алушының қабілеті мен стиліне сай оқуға жәрдемдесіп, қолдау көрсетеді. Ол білім алушының қабілетіне қарай бағдарламаны бейімдеуге, әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыруға, бағалауды жақсартуға және академиялық өнімділікті болжауға бағдар береді.
Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы «Binom school» ЖШС мектеп-лицей базасында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директоры, оқу ісі орынбасарлары мен мұғалімдеріне «Жасанды интеллект» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда Google, Canva мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.
Осы бағыттағы жұмыстар кеңінен жандана берсін. Әріптестерімді мұғалімдер күні мерекесімен құттықтаймын! Дендеріне саулық, отбастарына амандық тілеймін.
Фаруза Ізтілеуова,
№1 жалпы орта білім беретін мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары