Жас техниктер үйірмесі – онлайн жүйемен

Оқушылармен бірлесе робот құрастырып, бағдарлама жасалды

Елімізде болып жатырған төтенше жағдайға байланысты «Жылыой аудандық жас техниктер станциясы» балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырды.

7 педагог және 325 білім алушылар аталған форматта оқыту әдістерін қайта құрды. Педагог Дина Әбілова робототехника үйірмесін «Zoom» платформасымен қашықтықтан облыстық онлайн сабақ өткізді.

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, техникалық шеберлікті дамыту мақсатында «Робо-сумо жарысына қатысатын робот дайындау» тақырыбы бойынша робо-сумо жарысы мен роботқа қойылатын талаптары айтылды.

Оқушылармен бірлесе робот құрастырып, бағдарлама жасалды. Оқушылар Ә.Жұмағали, Ж.Қанапия, Р.Нұркенұлы, Н.Оразғұл, Әбусейт Оразбай, Е.Нұрбол, Ж.Орынбасаров жасаған роботтарын жүргізді.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521