«ЖАРҚЫРА, ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР!»

Жақында қаладағы Тоқсанбай Құлтумиев атындағы №1 балалар саз мектебінде «Жарқыра, жарық жұлдыздар!» атты жазғы үйірменің ашылуы өтті. Ашылуында алдымен сөз алған мек- теп басшысы Гүлбану Аязова:

-Құрметті, ата-аналар, оқушылар! Мектебіміз – аудандағы ең үлкен білім ордасы. Екі мектебімізде барлығы 784 бала білім алуда. Мұғалімдеріміз білікті және барлық аспаптарды терең үйретуге тырысады. Маусым және тамыз айларында балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін осындай үйірмелер ұйымдастырамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді.

Аталған шара әрмен қарай шәкірттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Сымбат Молдажанова «Туған жер» әнін, Санжар Сағындық Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін орындады. А.Амантай жетігенде «Пьеса во французском стиле» туындысын, А.Хамит «Маленькая полька» шығармасын, А.Қамал Бетховеннің «Сурок» шығармасын нақышына келтіре шырқады. Кәусар Жолдасқали Майраның әні «Майраны» орындап, Айханым Аман мен М.Айбатұлы «Ерке сылқым» күйін, Кәусар Кеңес түрікмен күйі «Нәр ағашын» төгілтті.

Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT