Елімізде қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «…Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» деген еді.
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ?
Расында да, Президенттің бұл бастамасы кеңінен қолдау тапқаны анық. Рас, білім саласы еліміз егемендік алған жылдары бірнеше реформаны бастан кешірді. Бірақ олардың барлығы бірдей өз мақсатына жетіп, толыққанды жүзеге асты деп айта алмаймыз. Соның кесірінен кей өңірлерде үш ауысымдық мектептер мәселесі шешімін таппады. Бұл туралы Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында:
– Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан осы ұлттық жобаның жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс,- деген-ді.
Әрине, осыған дейінгі реформалар аудан аумағында да өз жемісін берді. Көптеген мектеп демеуші компаниялардың көмегімен ел қазынасынан бөлінген қаржыға тұрғызылып, ауданда оқушылардың үш ауысыммен оқуы толықтай жойылды. Биылдан бастап елімізде қолға алына бастаған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да ауданда толыққанды жүзеге асырылады деген сенім бар. Өйткені, «Қазақстан мұнайының туған жері» саналатын Жылыой өңірінің экономикасы дамып, аудан орталығының аумағы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Сондықтан да Құлсары қаласынан бой көтерген жаңа ықшамаудандардың балаларын да мектепке дейінгі және орта біліммен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, онда «Жылыой ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес ауданның білім саласын одан әрмен қарай дамыту мақсатында өңірден алға қарай 13 мектеп пен 7 балабақша құрылысын салу жоспарланған.
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлсары қаласының жаңадан бой көтерген «Атырау ықшам ауданынан 1200 орындық мектеп салынатын болады. Құрылыс жұмыстары «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2027 жылға қарай аудан бойынша мектептердегі орын тапшылығы жойылып, балабақша кезегі азайып, оқушыларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасалып, білім сапасы артатын болады,-деді Айбарша Мэлсқызы.
Жалпы мектеп құрылысы ауданда қазірдің өзінде қолға алынып жатыр. Айталық, Құлсары қаласының «Береке» ықшамауданынан таяу жылдары жаңа балабақша пайдалануға беріліп, мұндағы тұрғындардың бүлдіршіндері мектепке дейінгі біліммен қамтылса, жақында 600 орындық орта оқу ордасының құрылысы басталды. «ТеңізШевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасымен қаржыландырылатын жаңа жобаны жеңімпаз "АВС-Лимитет" ЖШС жүзеге асырып жатыр. Мектеп құрылысы биылғы 15 мамырда басталып, 2024 жылдың 15 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған.
Келешек ұрпағымыз үшін «жайлы мектептер» салу жалғыз мұнымен шектеліп қалмайды. Құлсары қаласындағы №5 Абай атындағы 300 орындық жаңа орта мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Мектеп оқушылары 2023-2024 жаңа оқу жылында жаңа мектеп ғимаратында білім алатын болады.
Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен қаладағы №20 білім ордасының жанынан 180 орындық жалғама мектеп құрылысы да жүргізіліп жатыр. «Тендерден» жеңімпаз деп танылған "Сұңқар-Құрылыс" ЖШС ағымдағы жылдың 19 мамырында құрылыс ж ұ м ы с т а р ы н бастап кетті. Ж а ң а ғ и м а р а т б е с айдың ішінде пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Биыл басталған №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары да уақтылы аяқталады деген үміт бар. Жаңа оқу жылына дейін мектеп ғимаратының ішкі жөндеу жұмыстары толықтай бітіп, келісім шартқа сәйкес ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін сыртқы жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
БІЛІМ БҰЛАҒЫНЫҢ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚША
Балаға берілетін бес жасқа дейінгі тәлім-тәрбие оның бүкіл өміріне әсер ететінін ғалымдар да жоққа шығармайды. Өйткені, бұл кезең адам өмірінің іргетасы іспеттес. Ата-бабамыз өмірге келген ұрпағын көбіне-көп «шал-кемпірдің баласы» деп ата- әжесіне беретіні де содан болса керек. Көненің көзін көріп өскен перзент көргенді болып өсетінін бұрынғылар жақсы білген. Ал қазір ше? Жаңа заман талабына сәйкес бес жасқа дейінгі ұрпақ тәрбиесімен ата-әже орнына балабақшалар айналысуда. Сондықтан еліміздегі соңғы р е ф о р м а л а р ғ а сәйкес мект е п к е д е й і н г і білім беру мәселесіне баса на- зар аударылып келеді. Бұл бағытта аудандағы ахуал қандай? Тағы да білім бөлімі басшысының дерегіне сүйенелік.
Айбарша Мэлсқызының айтуынша, ауданда 24 мектепке дейінгі мекеменің 21-і мемлекеттік болса, 3-еуі жекеменшік саналады. Ондағы қамтылған бүлдіршіндер саны 4609-ды құрайды. Бұдан басқа ауданда 20 орта білім беретін мектептер болса, оларда барлығы 22 шағын орталық тобы жұмыс жасап жатыр. Онда 399 бала, мектепалды даярлық сыныбында 1670 бала тәрбиеленеді екен.
Десек те, ауданда әлі де болса бала бағының тапшылығы сезіліп тұр. Оған күні бүгін 2229 бөбектің балабақша кезегінде тұрғаны дәлел бола алады. Ауданда ел ертеңін мектепке дейінгі біліммен, яғни балабақшамен қамту 89 пайызды құрап отыр.
-«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне басымдық беріп өткені белгілі. Осы орайда аудан бойынша 7 балабақша құрылысы жоспарланып отырғанын атап өту керек. Бұл болашақта балабақшаға деген сұранысты толық қамтиды деген үміт бар. Мектепке дейінгі т ә р б и е н і т и і м д і ұйымдастыру м а қ с а т ы н д а аудандық білім бөлімінің 03 сәуірдегі №50 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда республикалық «Балаларға базарлық» байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Байқаудың мақсаты: балалардың кітапқа, балалар әдебиетіне, театр әлеміне деген қызығушылығын дамыту, кітап бұрышын ұйымдастыруда заманауи тәсілді ұсыну, озат тәжірибені жинақтау, тарату. Байқауға 17 балабақша қатысты. Нәтижесінде облыстық деңгейге «Аққайың-1» балабақшасы тәрбиешісінің жұмысы лайықты деп танылып, жіберілді. Осы байқауға қатысып, ерекше шығармашылық ізденісімен көзге түскен тәрбиешілер Б.Чекетаева, Ж.Ғұсмандиярова, З.Басжановаларды атап өткім келеді. Сонымен қатар, жалпыға қолжетімді болуы үшін қатысушылардың жұмыстарының бейнежазбасы балабақша ютуб платформасында орналастырылды. Облыстық кезеңге лайықты деп танылған Гүлнар Жанұзақова жүлделі ІІІ орынды иемденді,-дейді А.Қақпанбаева.
Бөлім басшысы өңірдің өзекті мәселесі - орта білім берудің жай- күйінен де айналып өткен жоқ. Жалпы жағдайға тоқталсақ, биыл орта мектепті 18187 оқушы аяқтап, білім сапасы 55,6 пайызды көрсетті. Өткен оқу жылымен салыстырғанда білім сапасы 0,4 % көтерілді. 2022 - 2023 оқу жылында 693 түлек алтын ұядан қанаттанып, оның 20-сы «Алтын белгі», 25-сі «Үздік аттестат» иегері атанды.
Соңғы 20 жылда оқушылардың білімі мен біліктілін дәлелдеудің негізгі тәсілі ұлттық бірыңғай тестілеу екені мәлім. Жыл сайын орта білім беру мекемелерінің алдына білім сапасымен қатар, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау міндеті қойылады. Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің І кезеңіне 600 түлек қатысып, орта балл – 55,7 нәтижені көрсетті. Ал тестілеудің ІІ кезеңі бойынша 590 түлек қатысты, орта балл – 56,4.
МҰҒАЛІМДІ ТАНЫМАЛ ЕТЕТІН САН ЕМЕС, САПА
Әрине, жас ұрпақ тәрбиесі, ең ал- дымен, ұстаздың ұлағатына тікелей байланысты. Бұл ретте өскелең ұрпақ арасында педагог мамандығын та- нымал еткіміз келсе, мұғалімдердің мәртебесін арттыра түскеніміз абзал. Ол үшін оқытушылар қауымының кәсіби шеберлігін шыңдап, білім сапасының көрсеткішін көтеруге бола- ды. Осы орайда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов білім беру сапасын арттыруды жан- жақты талдай отырып, мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуына да баса назар аудара келе, баланың білім алуына жағдай жасауда педагогтің рөлін және кәсіби даярлығының маңыздылығына тоқталған-ды.
Аудандағы жалпы орта білім беретін мектепте 1745 педагог еңбек етеді. Жоғары санатты мұғалім саны – 14, бірінші санатты мұғалім саны - 30, екінші санатты мұғалім саны-34. Біліктілік санатының жаңа жүйесі бойынша педагог- шебер – 10, педагог зерттеуші - 189, педагог сарапшы - 362, педагог модератор-384 . Өткен 2022- 2023 оқу жылында 62 маман жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 47 маман грантпен бітіргендер. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 11 жас маман жұмысқа ор - наласты. Әлі де, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарына 45 маман жетіспейді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы негізінде мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге «Үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасын» орын - дау мақсатында жас мамандарды жұмысқа тартуға бөлімнің кадр мамандары Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне, Қазақ спорт және туризм ака - демиясы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жоғары оқу орнының түлектерді бөлу шарасына қатысып келген.
Егер еліміздің білім беру саласындағы реформалар өзінің жүйесімен жүзеге асырылатын бол - са, онда оқу-ағарту саласындағы көптеген түйткілді мәселелер оңынан шешіле бермек. Бұл бағыттағы білім бағдарламаларының орындалуы көп ретте өңірлердегі тындырылып жатқан тыңғылықты істерге байланысты.
Перизат ҚИЗАТОВА