"Өзге тілдің бәрін біл, ...!"

Сабақ ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде WhatsApp арқылы өтіп жатыр.

Сәуір айынан бастап «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Құлсары қаласындағы 10-17 жас аралығындағы тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған онлайн ағылшын тілі клубын ашып, жұмыс істей бастады.

Сабақ ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде WhatsApp арқылы өтіп жатыр. Клуб мұғалімі әрі "Қазақ тілі қоғамы" оқу орталығының оқытушысы Таубаева Жанаргүл аудио және бейнематериалдарды қолданып, сабақты қызықты етіп өткізеді. Ағылшын клубына 45 бала қатысып, олар асқан ынтамен үйренуде.

"Клуб жылдың соңына дейін өз жұмысын жалғастыратын болады",- дейді жоба координаторы Қожахметова Альбина.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521