Үздік тәрбиеші

Айгүл Тоғызбаева «Балапан» ясли бақшасында әдіскер қызметін атқаруда.

Айгүл Тоғызбаева «Балапан» ясли бақшасында әдіскер қызметін атқаруда. Жақында ол Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Еңбек өтілі – 27 жыл. Өз білімін ұдайы жетілдіріп отырады. Алғашқы еңбек жолын 1992 жылы осы балабақшадағы ІІ-кіші тобынан бастады. Өзіне тапсырылған істі тиянақты атқарады және жауапкершілікпен қарайды. Айгүлдің мінезіне іс-әрекеті сай, ол - өзінің жұмсақ та, мейірімді жүрегімен балалардың тілін тауып, ізгілік, достық қасиеттерін дарытқан маман.

Ол 2016 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облысының алғысхатына, 2018 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік» Құрмет грамотасымен, «Мектеп ұстаздардың әлемі» республикалық педагогикалық журналы өткізген «Жануарлар әлемі» атты сайысқа топ балаларын тарта білгені үшін алғысхатпен марапатталды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521