banner_damu

Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін

Жерлесіміз, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі Алшын Алтыбаев тағы бір жоғары марапатқа ие болды. Ол ғылым саласына сіңірген ерекше еңбегіне орай «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісін кеудесіне тақты.

Айта кетелік, Алшын Нәрікұлы – №10 Амангелді орта мектебінің 1969 жылғы түлегі. «Ақындар ауылы» атанған Ақкиізтоғайдан қанат қаққан жерлесіміз қазір ғылым жолында биік-биік асуларды бағындырып үлгерді. Еліміздің ауылшаруашылығына еңбегі сіңген азамат - Алматы қаласындағы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің «Аграрлық техника және технология» кафедрасының профессоры. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйе мен технология зертханасының меңгерушісі қызметін атқарады. 120-дан астам ғылыми еңбек жазған, 10 жаңа техникалық шешімдер мен интеллектуалды меншіктің авторы саналады. Оның есімі Қазақстанда ғана емес, көршілес Тәжікстан елінде де құрметпен аталады.

Ендеше, осындай «Ғылым саласының дамуына зор үлес қосып, халықаралық деңгейде танылған туған жеріміздің талантты төл перзенті қалайша ауданның Құрметті азаматы атағын алмай жүр?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұған ел тізгінін ұстаған азаматтар не дер екен?

Е.Қошақанов

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика