Балалар мәртебелі мерекені атап өтті

Мәртебелі мейрам қарсаңында «Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасында «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» тақырыбында танымдық шара өткізілді. Шараны ұйымдастырған «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Жазира Саламатқызы ұлттық мерекені әдет-ғұрыптарымызбен байланыстыра насихаттауды мақсат еткен.

Сондай-ақ мерекелік тәрбие сағатында балаларды Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу, олардың болашаққа деген нық сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу көзделді. «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері, алдымен, ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындады. Бұдан соң балабақша меңгерушісі Нұрлықыз Ермекова құттықтау сөз сөйледі.

Бір кезде ортаға шетел азаматының кейіпкеріне енген балабақша қызметкері шығады. Ол балалардың шаттыққа толы сыңғырлаған күлкісін естіп келгенін айтып, тәрбиеленушілерге сұрақ қоя бастайды. Бұл кезде балалар да мүдіріп қалмады. Бірі Қазақстан Республикасында тұратынын айтса, енді бірі ел Президентінің атын-жөнін, ал енді бірі Астанамыз туралы тақылдап тұрып айтып беріп жатты. Бұдан соң барлық бала қосылып «Егеменді Қазақстан» әнін шырқады. Топтағы арулар «Тәуелсіздік» биін мың бұрала биледі. Ал «Кілемше құрастыру» ойынында ұлттық ою-өрнегімізді таныстырып, еліміздің баға жетпес асыл заттарын құрметтеуге шақырды ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер нақыл сөздерді жатқа айтып, Отан, тіл туралы тақпақтарды нақышына келтіре оқыды.

 

Әйгерім Дәрменова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз