ТӘРБИЕ ТІЗГІНІН ҰСТАҒАН ЖАНДАР МЕРЕЙІ

Білім беру кеңістігінде ұстаздың орны айрықша екені белгілі. Ал шәкірттің жан дүниесіне жол тауып, оның тұлғалық қалыптасуында жетекші рөл атқаратын ерекше маман – ол сынып жетекшісі. Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес “Жүрекпен жетекшілікке” атты сынып жетекшілер онкүндігі болып өтті. 

Онкүндіктің басты мақсаты – сынып жетекшілердің тәрбие процесіндегі рөлін нығайту, олардың кәсіби, тұлғалық дамуына қолдау көрсету, құндылыққа негізделген іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру.

Іс-шаралар барысында әр сынып жетекшісі “Жүрекпен басқару” қағидатын өз жұмысында қалай жүзеге асырып жүргенін көрсетті. Әр күнді құндылықтарға негіздей отырып, сынып сағаттары, ата-аналармен жұмыс және әртүрлі сайыстар, челлендждер мен оқушыларға арналған мотивациялық бағдарламалар онкүндіктің мазмұнын байыта түсті.

Атап айтар болсақ, тәрбие ісі орынбасары С.Ғ.Оразбаева мен педагог ұйымдастырушы І.Т.Сағынова онкүндіктің ашылуымен бастаса, 10-сынып жетекшілері С.А.Ұлғатова, Д.С.Шағатаева және А.М.Тәжіғалиеваның ұйымдастыруымен «Үлкенге құрмет» айдары сәлемдесу сәтін өткізсе, 3 «д» сынып жетекшісі Г.П.Джумабаева көптеген ұлт өкілдерінің сәлемдесу түрлерін көрсетіп, еліміздің мәдени әртүрлілігін насихаттады. Сондай-ақ «Оқушылармен 3 жақсы іс» марафоны бойынша 7 «б» сынып жетекшісі Д.С.Ақжайық игі істерге жанашыр болып, оқушыларды қоғамға пайдалы жұмыстар жасауға баулыды. Марафонның алғашқы бағыты ретінде оқушылар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды. Сынып оқушылары өз қолдарымен дайындаған тағамдарын әкеліп, жиналған қаражат мектебіміздің шәкірті Мұратұлы Жұмаханның еміне қолдау көрсетуге бағытталды. Рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауда оқушылар “Ұстазыма мың алғыс” атты шағын акциясы аясында сабақ беретін мұғалімдерге өздері әзірлеген ашық хаттар табыстады. Оқушылардың еңбекке деген құрметін арттыру үшін марафонның үшінші бағыты ретінде асхана қызметкерлеріне көмек көрсету күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқушыларға еңбек адамын құрметтеу дағдысын қалыптастырды.

Оқушылардың сергектігін арттыру, қозғалыс белсенділігін дамыту және көңіл-күй сыйлау мақсатында 1 «г» сынып жетекшісі Б.С.Тәжіғалиева «Көңілді үзіліс» өткізді. Одан бөлек, 8 «в» сынып жетекшісі С.Т.Жармаганбетова мен технология пәні нұсқаушысы А.Ж.Темірбаев, А.А.Алдоңғарова және К.А.Шүренбаева «Таза орта – жарқын болашақ!» атты эко-челленджіне атсалысты. Челлендждің мақсаты-оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын дамыту болды.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәні мұғалімдері С.Т.Жармаганбетова, Л.А.Жұмағалиева және Д.М.Достан «Салауатты ұстаз – салауатты ұрпақ кепілі» атты сынып жетекшілер арасында спорттық сайыс және рухани құндылықтар күніне орай 6 сынып жетекшілері Г.Ж.Дощанова, Н.Қ.Орынбай және Н.Н.Дүзелгенова «Кітап патшалығы» тақырыбында оқушылар арасында әдеби-тілдік сайыс өткізді.

Отбасы құндылығы күнінде 11-сынып жетекшілері А.Т.Түйешиева мен А.А.Байниязова және кәсіби бағдар беруші маман А.Н.Сапарғалиева отбасы құндылықтарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру, отбасылық тәрбие үлгілерін насихаттау арқылы мектеп пен отбасының байланысын күшейту мақсатында «Отбасы академиясы» викториналық сайысын өткізді. Сайысқа 9-сынып жетекшілері, ата-аналар балаларымен қатысты.

Онкүндікті қорытындылау кезінде информатика пәні мұғалімі Б.Қ.Келінберлиева, 9 «а» сынып жетекшісі Ж.Қ.Нұрғожиева, 7 «в» сынып жетекшісі Р.Р.Сатқанбаева және 5 «г» сынып жетекшісі Г.А.Қоныспаева «Ғылымға құштар жас сынып жетекші» тақырыбында сынып жетекшілер мен тәлімгер ұстаздары арасында Quiz ойынын өткізді. Ойын барысында түрлі тапсырмалар, жағдаяттық сұрақтар беріліп, қатысушы топтар номинациялармен марапатталды.

Бұл онкүндік – тәрбие саласына жанын салып еңбек етіп жүрген ұстаздарға деген құрметтің бір көрінісі. Сынып жетекшілердің оқушыларды ұлттық, рухани, отбасы және экологиялық құндылықтарға баулу жолындағы еңбектерін бағалай отырып, Алғыс хат және жеке кәсіпкер «А.Д. Мамбетова» демеушілігімен сыйлықтар табысталды. “Жүрекпен жетекшілікке” онкүндігі осылайша мектеп өміріне тың серпін беріп, педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, жас ұрпақты тәрбиелеудің озық үлгілерін таратуға мүмкіндік жасады. Шынайы мейірім мен жүрек жылуына негізделген тәрбие ғана нәтижелі болатынын дәлелдеген бұл шара алдағы уақытта да дәстүрлі жалғасын табатыны сөзсіз.

Сандуғаш Оразбаева,

№21 жалпы орта білім беретін мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT