Тәрбие мен оқытудың перспективасы

«Балапан» бөбекжай-бақшасында «Болашаққа бағдар: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективасы» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған аудандық семинар өтті.

 Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын арттыру, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы тәрбие мен оқыту үдерісін жетілдіру, тәжірибе алмасу іс-шараның басты мақсаты болып табылады.

Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ысқақова және ауданның мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Семинарды балабақша меңгерушісі А.Дүйсемалиева ашып, жоспар бойынша жүргізілетін жұмыстар жайлы тоқталып өтті. Семинар барысында балабақша психологі Б.Амантурлина қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіп, жағымды атмосфералық ахуал қалыптастырды. 

Семинар бағдарламасы бойынша өткізілген жұмыстар төмендегідей: 

Шара барысында «Ecers-3 шкаласы негізінде білім беру ортасын сапалы ұйымдастыру» тақырыбында балабақша меңгерушісі А.Дүйсемалиева баяндама жасады. Одан бөлек, «Өнерлі екен он саусақ» – «Қарақат» ортаңғы тобында тәрбиешілер А.Құсайынова және А.Ақболатова ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін көрсетті. Тәрбиешілер А.Нетжанова мен А.Жөкешовалар «Шебер қолдар» тақырыбында шығармашылық жұмыстарымен бөлісті. Сондай-ақ «Steam технологиясы:балалардың болашағына жол» тақырыбында Г.Досмағанбетова өз тәжірибесімен бөлісті. 

Тәжірибе алмасу семинарын аудандық білім бөлімі әдіскері А.Ысқақова қорытындылап, шығармашылық жұмысын көрсетіп, тәжірибесімен бөліскен тәрбиешілерді аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапаттады және қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалды. 

А.Ысқақова,

әдіскер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT