Түйіндеме тапсырған түлектер үміті ақтала ма?

Бүгінгі түлек – ертеңгі маман. Алған білімі мен біліктілігіне сай қос қолға бір кәсіп көзін тапса, нұр үстіне нұр. Осыған орай, Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі жақында 2024 жылғы бітірушілер үшін «Түлек - 2024 жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Мақсат – өз түлектерін, яғни жаңа өмірге аттанғалы тұрған жас мамандарды жұмыспен қамту. Оған ар- найы шақырылған мекеме-кәсіпорын өкілдері, колледж директоры мен оқытушылар, сонымен қатар, бітіруші түлектер қатысты.

Шарада, алдымен, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Маруся Сарбалиева сөз сөйледі.

-Мінекей, колледжіміздің биылғы түлектері өздерінің оқыған колледжін ойдағыдай тәмамдап, қолына дипломдарын алғалы тұр. Студенттеріміз осы колледж шеберханасында, басқа да мекемелерден өткен өндірістік оқыту, кәсіптік және дипломалды тәжірибелері соңғы мәресіне жетті. «Кәсіп білген адам нәсіпке қол жеткізеді" дегендей, бай-қуатты болу үшін, ең бірінші, бір кәсіпті жақсы меңгеру керек. Осы шараға жиналған әр түлек – жеке тұлға. Барлығыңыз алған білімдеріңізді жетілдіріп, бір-бір кәсіп иесі болып, болашақта үлкен нәтижеге жетулеріңізге тілекшімін. Келген қонақтарға алғыс, студенттерге сәттілік! - деді.

Түлектердің түйіндемелерімен танысу үшін жәрмеңкеге "Жылыойгаз" , "KGS" , "Батыс тех инвест", "Жылыой Тазалық" , "ESS Cупорт Сервисез", "Ярмарка Retail", "Мұнайсервис ЛТД" ЖШС- ларының, аудандық «Мансап» орталығының өкілдері қатысты. Онда үш жыл қатарынан алған кәсіптік білімі бар студенттер мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жағдайда оларға еңбек кітапшасы табыс- талатыны айтылды.

Ұйымдастырушылар биыл колледжде 7 мамандық бойынша 7 топтан 157 студент бітіргелі отырғанын хабарлады. Оның ішінде 6 мамандық негізгі білім мен 1 мамандық жалпы білім беру базасында бітіреді. Дәлірек айтқанда, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 23 студент, «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқарудан» 17, «Электр жабдықтарынан» 24 түлек, «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау» мамандығынан 19, «Дәнекерлеу ісі» бойынша 26 студент, «Тамақтандыруды ұйымдастырудан», "Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы" мамандығы бойынша 24 түлек бітірді.

Жәрмеңкеде "Ашық микрофон" айдары да ұйымдастырылды. Әрмен қарай, түлектер түйіндемелерін мамандық бойынша мекеме өкілдеріне табыс етті. Олар өз кезегінде, алдағы уақытта жұмысқа орналастыру жөнінде хабардар ететінін жеткізді.

Аида АБДРАХМАНОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521